Қызметтер
Клиент қандай жағдайда болды?
«2006 жылы мен ипотека рәсімдедім және жаңа пәтерге көштім. Біраз уақыт бойы банкке үнемі жарналар төледім. Алайда, несиені одан әрі төлей алмайтындай жағдайлар туындады. Банк 10 258 172,02 теңге көлемінде қарызды төлету туралы қабылдаған сот шешімімен келді.
Менің ісім сот орындаушысына берілді. Ол бағаны төмендетуге саудаластық жасап, сол кездегі менің жалғыз баспанам болып табылатын пәтерді 7.072.586 теңгеге сатты. Алынған сома пәтердің нарықтық құнынан айтарлықтай төмен болғанына қарамастан, сот орындаушысы бұл пәтерді сатып алушыға берді, ал қарыздың қалған сомасын (3 185 586 теңге) ары қарай менен талап етуді жалғастыра берді.
Басымда баспанам жоқ, іс жүзінде төлеу мүмкін емес қарызбен қалдырып, мүлдем еңсем түсті. Менің жолым болып кетті. Таныстарымның ұсынысы бойынша мен бұл проблемадан шығуыма көмектесен, тәжірибелі заңгерлерге бет бұрдым.
Дусембаев Ыклас Әсембекұлы
Бұл мәселені қалай шештік?
Әдеттегідей, біз мәселені талдаудан және барлық құқықтық құжаттарды тексеруден бастадық. Пәтерді сатуға арналған аукцион айтарлықтай процедуралық бұзушылықтармен жүргізілгені анықталды. Қажетті айғақтарды жинап, біз бірінші сатыдағы сотқа жүгіндік. Сот аукционды жарамсыз деп жариялады, оның нәтижелерін жойды және сатылған мүлікті біздің клиентке қайтарып берді. Аукцион ұйымдастырған сот орындаушысы бұл шешімге шағымдануға тырысты, бірақ апелляциялық сот оны өзгеріссіз қалдырды.
Біздің кеңес бойынша клиент өзінің пәтеріне сатып алушыны өзі тапты. Бірінші кезекте, біздің заңгерлер сатып алушыға пәтерге тыйым салу себептерін және оны сатып алу кезінде заңды қатерлердің жоқтығын түсіндірді. Банктің сатуға келісімін алдық, барлық соттық тыйым салулар алынды және мәмілені рәсімдеуге көмектесті. Пәтер нарықтық баға бойынша сатылды. Алынған ақша банктегі қарызды толығымен төлеп қана қоймай, клиенттің өз қажеттіліктері үшін де артылды.
Нәтижесінде, ер адам ешқандай қаражатсыз далада қалмай ғана емес, сонымен қатар өзінің ипотекалық несиесін жапты. Сонымен қатар, оның есімі борышкерлер тізіліміне кіргіщілмеді, ал несие тарихында төленбеген қарыздары жоқ.
Осындай жағдайға ұшырамау үшін не істеу керек?
Біздің заңгерлеріміз кеңес береді:
1. Банктен несие алмай тұрып, өз кірісіңізді есептеңіз. Тұрақты және жүйелі төлем жасай аласыз ба, соны ойланыңыз. Есіңізде болсын, банк кез келген жағдайда тек өзінің коммерциялық мүдделеріне ұмтылады және клиентттер үшін барлық кезде уайымдамайды.
2. Егер сіз қаржылық қиындықтарға тап болсаңыз және қарызды төлеуге ешқандай мүмкіндік жоқ болса, істің сотқа жеткенін және қарызды мәжбүрлеп төлетуін күтпеңіз. Банктік дауларды шешуде үлкен тәжірибесі бар заңгерлер мен қорғаушылардың көмегіне жүгініңіз. Олардың көмегі арқылы сіз несие шарттарын өзгертуге немесе ескі қарызды өтеу үшін жаңа несие алуға қол жеткізе аласыз.
3. Егер банк сізді сотқа беріп қойған болса, менменсушілікті қойып, заң фирмасымен байланысыңыз. Заңдар мен заңды тәртіптерді білмейінше, Сіздерге өз мүдделеріңізді қорғау қиын болады, ал сот орындаушылары бұл жағдайды пайдаланып кетуі мүмкін.
Біздің блогтан басқа мақалаларды оқыңыз
Банктің несиені төлеу туралы заңсыз талаптары туралы іс
Банк біздің клиентімізге заңсыз өсімпұл есептеген және біздің клиенттің несие тарихын бұзды.
Төленген ипотека бойынша алынбаған пәтер туралы іс
Құрылыс салушы берешек қарызы үшін клиенттің пәтеріне деген құқықтарын заңсыз аударды.